Түркістан
EN

Ескі Сауран қалашығында мәселе көп

102
02.10.2023

Наурыз айында мемлекет басшысы еліміздегі көрікті жерлердің көптігін атаған еді. Мұнан соң тұралап тұрған инфрақұрылым туризмге зәредей зиян тигізерін де сөз етті. Әрі «Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет» деп баса айтқан еді. Алайда туристік нысандарға апарар жол әліде жұртшылықты әбігерге салуда. Мәселен Ескі Сауран қалашығына бару қиямет қайымға айналған. Әйтпесе бұл жағдаймен билік 10 жылдан бері таныс екен. Толығырақ Балым Әлішер жалғастырады.