Мемлекет басшысының Германияға ресми сапар барысында «C5 + Германия» диалогының отырысына қатысты. Жиын алдында Орталық Азия және Германия президенттерінің суретке түсу рәсімі өтті. Ізін ала мемлекет басшылары келіссөз үстеліне жайғасты. Қасым-Жомарт Тоқаев «C5 + Германия» диалогы туралы бастама елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті. Ең алдымен сауда-экономикалық, жаңа көлік-транзит дәліздерін дамыту, энергетика саласындағы кооперация мәселелеріне назар аударды. Кездесуде климаттың өзгеруі, су тапшылығы мәселесі де көтерілді. Жиынға қатысушылар мұздықтардың еруі мен Орталық Азиядағы экологиялық ахуалдың өзгеруін талқылады.