Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында қолға түскен. Ер адам өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген. Ал бір тәуліктен кейін ғана алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның 33 жастағы тағы бір азаматы ұсталған. Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті діни ағымның өкілдері ретінде есепте тұрады. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады.