Түркістан облысында баламалы қуат көздерінің саны артады. Осыған байланысты, өңір басшысы Дархан Сатыбалды қытайлық компания басшылығын қабылдап, келіссөздер жүргізді. Облыс әкімі аймақтың экономикалық, өндірістік және логистикалық жағдайы туралы баяндап, инвестиция салуға шақырды.