Мемлекет басшысы Германияға сапары барысында Канцлер Олаф Шольцпен кездесті. Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады. Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» саласындағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты. Сондай-ақ, «Орталық Азия – Германия» кездесуінің күн тәртібін талқылады.