Түркістан
EN

Қылмыс саны төмендеген

68
28.09.2023

Түркістан облысында жыл басынан бері 4324 құқық бұзушылық тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 9,3%  пайызға аз. Бұл туралы облыс әкімі  Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айылды. Жиында құқық қорғау, қоғамдық-саяси тұрақтылық, наркологиялық-профилактикалық көмек көрсету, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және пробация саласындағы атқарылған жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы аталған мәселелерді шешу бойынша кешенді шараларды қолға алу керектігін айтты.