Елімізде 9,5 млн. тонна дәнді дақылдар, 6,9 млн. тонна бидай орылды. Биылғы ауа-райы егіннің жай-күйі мен сапасына кері әсер етсе керек. Әйтсе де ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылғы өнім елімізді нан, ұн, макарон өнімдерімен қамтуға жеткілікті дейді. Оған қоса өткен жылы жиналған астықтың қоры да мол екен. Қазір диқандар егіннің 60 пайызға жуығын жинап үлгерген. Республикадағы қамбаларға жалпы 29 млн. тоннадан астам астық сыяды.