Ташкентте жойқын жарылыс болды. Әуежайдағы кеден органдарына тиесілі қойма отқа оранып, күлі көкке ұшқан. Оның жалыны мен қуаты күшті болғаны соншалық, жақын маңдағы ғимараттар зардап шекті. Түн ортасында болған тілсіз жауды ауыздықтауға 16 өрт сөндіру бригадасы мен 3 жүк көлігі жұмылдырылды. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, зардап шеккендер бар. Бүгінде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ.