Түркістан
EN

ҚР азаматтарының жеке құжаттарының көшірмесін жасауға тыйым салынуы мүмкін

106
27.09.2023

Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарының қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары бүгін ақпараттық қауіпсіздікке арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қазір ел азаматтарының дербес деректерін қорғауға байланысты мемлекеттік бақылау жоқ. Олар жарияланып кетсе де кінәліні жауапқа тарту қиын.