Түркістан облысында «Шәуілдір» заманауи күн электр станциясы ашылды. Баламалы қуат көзі арқылы енді өңірдегі энергия тапшылығы мәселесі шешілмек. Қуаты 50 мегаваттық күн электр станциясы италиялық инвесторлардың қаржысына салынған. Бүгін ауқымды нысанның ресми ашылу салтанаты өтті. Толығырақ әріптесім Ақдариға Мұхаддас айтып берсін.