385 млн. теңге! Түркістандық көлік жүргізушілер мемлекетке осынша қарыз. Ол аз десеңіз, 75 млн. теңге алимент тағы жиналып тұр. Қызыл жағалылардың көзіне түспей қашып жүргендерді құрықтау мақсатында шаһарда рейд басталды. Алғашқы күннен-ақ қаншама көлік айып тұрағына жөнелтілді. Ол туралы тілшіміз әзірлеген арнайы сюжет көрейік.