Спортшы Бибіжамал. Сарыағашта бірнеше спортты жанына серік еткен келіншек тұрады. Марафондарда көз ілеспес жылдамдығына қарап спортшылар оны «Желаяқ» атап кеткен. Одан бөлек Бибіжамал Таудың үйіне бара қалсаңыз, медальдары да таудай болып үйіліп тұр. Олардың әрқайсысын ұқыптап қабырғаға іліп қойыпты. Одан өзге келіншек әйелдер арасындағы қоян-қолтық төбелесте де алдына жан салмайды. Қарсыластарын тізе бүктіріп, жауырынын жер иіскеткен.