Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарынан ел қоржынына алғашқы алтын түсті. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы финалда Азия ойындарының чемпионы атанды. Команда құрамында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина болды. Олар 344 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартты. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан нысана көздеуден бір күміс, екі қола медаль жеңіп алған еді.