Қызыл кітаптағы 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болғандар ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция ұйымдастырып қылмыстық топты бақылаған. Сүйтіп сирек кездесетін құстарды шетел асырмақ болғандар Атырау қаласының әуежайында қолға түскен. Олар ителгіні Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлапты. Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында құсты ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден асады. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.