Түркістан
EN

Ел бойынша ұрлық көп жасалатын өңірлер аталды

73
27.09.2023

Республика бойынша ұрлық көрсеткіші 28,2 пайызға төмендеген. Бас прокуратураның статистикалық деректеріне сәйкес, еліміз бойынша ең көп ұрлық фактісі Алматы қаласы мен Астана қаласында және Алматы мен Қарағанды облысында болған. Ұялы телефондар ұрлығы 11,3 % , пәтер ұрлығы 18 пайызға азайған. Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады. Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Жалпы мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында болады екен.