Түркістан
EN

6 айда лейтенант атана алады

93
26.09.2023

Жұмыссыз жүрген жастарға зор мүмкіндік. Енді шекара академиясының небәрі 6 айлық оқу курсынан өтсеңіз, әскери қызметкер атана аласыз. Бастысы, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, кез келген мамандық бойынша жоғарғы білімі бар, мерзімді әскери қызметін атқарған 30 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз болғаны. Бастама алғаш рет 2024 жылдың наурыз-қырқүйек айының аралығында қолға алынбақ. Жарты жылдық оқу курсында тәрбиелік идеологиялық, шекаралық бақылау, байланыс және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ, материалдық техникалық қамтамасыз ету бағыттары бойынша білім алуға болады.