Түркістан
EN

418 заңсыз қоқыс полигоны анықталды

148
26.09.2023

Түркістан облысында биыл 400-ден астам заңсыз қоқыс орны анықталған. Және де оларды жоюға бағытталған жұмыстар да еш нәтиже берер емес. Себебі халық саны артқан сайын жыл санап қоқыс көлемі де артып келеді. Айта кетсек, облыс көлемінде барлығы 159 полигон жұмыс істеп тұр. Ал ол жердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, сұрыптау мәселесімен небәрі 4-ақ мекеме айналысады екен.