Түркістан облысында браконьерлер 7 бас ақбөкенді атып алған. Түз тағысының құнды мүйізіне құныққан қаскөйлер олар жайылып өтетін жерлерді аңдып, ақыры қолға түсірген. Киіктердің ішкі құрылысын ақтарып, бөлшектеп кәсіпке айналдырғанға ұқсайды. Қазіргі таңда күдіктілерден құжаты жоқ 12 калибрлі, қос ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған іс бойынша Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.