Елімізде 21 жасқа дейінгі жастарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынбақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Одан бөлек, министр темекі мен вейптерге тәуелді жастардың статистикасына тоқталды. Мәселен, еліміздегі 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы вейпты тұрақты түрде шексе, ересек тұрғындардың 21 пайызы темекі тартады екен. Бүгінде осындай зиянды заттардың айналымына тосқауыл қоюмен қатар энергетикалық сусындарды жас ерекшелігіне қарай сатуға өзгеріс енгізілуі мүмкін - деді ведомство басшысы.