Түркістан
EN

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

106
26.09.2023

Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. 10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды. Олар Иран құрамасын жеңді. Бұл жүлде Қазақстан үшін биылғы Азия ойындарындағы алтыншы жүлде болып отыр. Ұлттық құрама қоржынында бес қола және бір күміс бар. Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.