Түркістан
EN

Түркістанда түркі әлемінің үздік дизайнерлері бас қосты

34
26.09.2023

Биыл ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымының құрылғанына тура 30 жыл. Осыған орай рухани шаһарда түркі әлемінің "Этносән" апталығы өтіп жатыр. Апталықтың алғашқы күні қолөнер шеберлерінің көрмесінен басталды. Он саусағынан өнер тамған жандар жәрмеңкеге ұлттық нақыштағы көз тартар туындыларын ала келіпті.