Тұтас түркінің тәу ететін орны - Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. Орта ғасырлық сәулет ескерткішінің теңдессіз үлгісі. Түркістанның шамшырағы. Інжу- маржаны. Бар нәрсені жарқыратып көрсету – уақыт талабы. Көне ескерткіштің жарықшамдары қосылып, жаңаша кейіпке енуі туристерді тартуға оң септігін тигізді. Оның үстіне мұндай тәжірибе қасиетті Мекке мен Мәдинада, Стамбулдағы Ая София мешітінде және Самарқандтағы Регистанда ғана қолданылған.