Түркістан
EN

Көше театры өтеді

175
25.09.2023

Елімізде алғаш рет халықаралық көше театры өтеді. Мәдени шара Түркістан қаласында 27-28 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Фестивальға еліміздің театрларымен қатар Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен арнайы ұжым шақырылды. Жалпы, шараға оннан астам театр қатысады. Олар бекітілген кестеге сай, екі күн бой қала орталығында өнер көрсетеді. Тек қойылыммен шектелмей, өзара сайысқа түсетін театрлар арасынан үздік шыққандарына арнайы қаржылай сыйлықтар қарастырылған. Ашық аспан астында өтетін бұл шараға 42 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген.