Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті. Оқиға елордадағы №14 мектеп-гимназиясында болған. Мектеп оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып баспалдақтан құлаған. Оқиғаның қалай болғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылды. Дегенмен, дәрігерлер діттеген жерге жетем дегенше жарты сағат өткен. Оқушы қазір қалалық балалар ауруханасында жатыр.