Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар қос медальға ие болды. Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. Әбиба Әбужақынова финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, соңғы сында ғана жапон қызына есе жіберді. Ал Мағжан Шамшадин жартылай финалда Оңтүстік Корея дзюдошысынан жеңілсе, қола үшін күресте тәжікстандық Мехрзод Суфиевтан басым түсті. Нәтижесінде еліміз қазір жалпыкомандалық есепте 45 ел ішінен 10-шы орынға жайғасты.