Енді паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады. Дактилоскопиялық тіркеу елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл еліміздің барлық азаматтары мен тұрақты тұратын шетелдіктерге міндетті. Ол туралы көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев мәлімдеді. Оның сөзінше, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Бұл процесттен бас тартқан жағдайда азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабына сәйкес жаза қолданылады.