Кентаулық 460 тұрғын 13 жылдан бері өз жерлеріне үй сала алмай жүр. Себебі, бәзбіреулер қазып, қоқыс толтырып кеткен. Әкімдік қазығы қағылмаған жерлерін қалпына келтіріп берсін немесе басқа жақтан жер бөлінсін дейді тұрғындар. Жауапты мекеме телімдер қазылмай тұрып жер иелеріне неге үй салуға рұқсат бермей келген?