Түркістан облысы, Отырар ауданында шығатын ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендтің бағасы ақылға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік коперативі жергілікті балабақшалар мен оқушыларды бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда шаруашылық күніне 500 литр түйе сүтін өндіреді. Мұнда қазір жалпы саны 12 адам жұмыспен қамтылған. Сақталу мерзіміне қарай Астана мен Алматы қалаларына жөнелтілуде.