Түркістан
EN

45 елді мекенді таза ауыз сумен қамтуда

254
22.09.2023

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы 45 елдімекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Келер жылы тағы төрт ауылға тіршілік нәрін беру жоспарда. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өлкеде жайлы өмір сүруіне сеп болмақ. Сондай-ақ тозығы жеткен су құбырлары да ауыстырылмақ. Ал таза су коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері тәулік бойы бұзылған су құбырларын жөндеуге дайын екендіктерін айтады.