Түркістан облысында жөндеуден өткен жолдар саны артып келеді. Атап айтсақ, Түлкібас ауданындағы жалпы ұзындығы 17 шақырым «Тастұмсық-Майтөбе-Түлкібас», «Тастұмсық-Жыланды-Азаттық-Шұқырбұлақ» автомобиль жолы жөндеуден өтіп, нысандар пайдалануға берілді. Жоспарға сәйкес, ескі асфальт жабыны толығымен жаңартылып, елді мекен ішіне аяқжолдар салынған. Сонымен қатар, қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз ету үшін жол таңбалары сызылып, тиісті жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ, жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын шайып кетудің алдын алу үшін 9 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылды.