Шығыс базары, ұлттық ойындар, қылыштар шоуы, фая шоу мен Ыстанбұлға 4 билет ұтып алу мүмкіндігі. Мұның бәрі ертең Керуен Сарай кешенінде өтетін "The Spirit of Turkistan" фестивалінде ұйымдастырылады. Ал киелі шаһар сахнасында Италия, Мажарстан, Түркия және өзге де шет мемлекеттерден келген ұжымдар өз өнерін ортаға салмақ. Ол аз десеңіз, бойы екі метрлік алып батырлар, ерекше "handmade" бұйымдар ұсынылатын қолөнершілер жәрмеңкесі - фестивальде болатын шаралардың бір бөлігі ғана. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.