Мектеп оқулықтары жаңа оқу құралымен толықты. Енді 1 сынып оқушылары көмекші кітаппен әліппені тереңдетіп оқи алады. Оқулық авторы Ділдәгүл Нұрмаханбет балаларға тиімді білім беру үшін әліппе кітабын жан жақты зерттегенін айтады. Ал көмекші құралды жасау үшін педагогикалық тәжірибесімен, көп уақытын сарп еткен көрінеді. Кітап таныстырылымына біздің әріптесіміз де қатысып келді.