Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек» күні болып белгіленген. 2013 жылдан бері тойланып келе жатқан мерекені атап өтуді Түркістан облысы бастап та кетті. Фараб әмбебап-ғылыми кітапханасында «Адал азамат – Адал еңбек» атты іс-шара ұйымдастырылып, аймақта түрлі салада талмай еңбек етіп жүрген азаматтарға сый-құрмет көрсетілді.