Түркістан
EN

Боралдайлық шаруалар 2 мың гектар жерді игеріп отыр

105
30.09.2021

Ауылшаруашылығын дамыту ерекше назарда. Себебі бұл сала азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте Бәйдібек ауданының ағайынды қос азаматы 2500 гектар аумақты игеріп отыр. Сонымен қатар мал бордақылау ісін де жолға қойған. Өздерінің меншігіндегі жерге,  арпа, бидай, мақсары дақылдарын еккен. Қазір шаруалар жүз бас бұқа байлап отыр. Осылайша халықты етпен қамтуға өзіндік үлесін қосуда. Бұл шаруа қожалығы үкіметтен берілетін қолдау қаржының арқасында техникаларын жаңартып жатыр.