Түркістан
EN

34 шақырым жол жөнделмек

111
21.09.2023

Жаңа жолдың игілігін келестіктер де көруде. Аудандағы елді мекендердің ішкі көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында  34 шақырым болатын 28 көшенің жолы жаңартылмақ. Ал, жоспары нақтыланған 7 көшенің тұрғындары тегіс жолда жүріп те үлгерді. Айта кетсек, жоба аясында Келес ауданына қарасты Абай ауылындағы 8, Ақжол елді мекеніндегі 12 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Мердігерлер анықталып келісім шартқа қол қойылса, жыл соңына дейін аталған жұмыстар толығымен аяқталады.