Түркістан облысында 121 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Солардың бірі Түркістандағы №7 Саттар Ерубаев мектеп – интернаты. Облыс әкімі осы білім ошағында болып, оның жай-күйімен танысты. Күрделі жөндеуді қажет ететін 500 орындық мектеп 1976 жылы салынған. 2000 жылдан бері жөндеу көрмеген білім ордасының қазір ішкі сылағы түсіп, инженерлік жүйелері әбден тозыпты. Сондай-ақ күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандар арасында балабақшалар бар. Облыс әкімі «Айгөлек» балабақшасының да жай-күйімен танысты. Ескі ғимарат соңғы 15 жылдан бері жөндеу көрмеген. Облыс әкімі өңірдегі тозығы жеткен білім ошақтарын толық тексеріп, жауаптыларға қысқа мерзімде ұсыныс беруді тапсырды.