Түркістан телеарнасының журналистері облыстағы әр ауылды бір күн бойы аралайды. Ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, ұсыныс-пікірлерін тыңдайды. "Бір күн" бағдарламасы алғашқы күнін – Сарыағаш ауданы Құркелес ауылынан бастады. Күні бойы 4 мәрте тікелей эфирге шығып, түсірілім барысынан ақпарат беріп отырды. Соңында ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалап, спорттық ойын түрлерінен жолдастық кездесу де өткізді. Қызыққа толы бір күнді сюжеттен көрейік.