Түркістан
EN

18 жасқа толмаған әрбір Қазақстан азаматы ұлттық қордан үлес алады

95
20.09.2023

Бұдан былай 18 жасқа толмаған әрбір Қазақстан азаматы ұлттық қордан үлес алады. Бүгін Парламент мәжілісінің депутаттары ұлттық қордан жыл сайын балаларға төлем жасауды заң жүзінде бекітті. Заң жобасы бойынша ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің жартысы, яғни, 50 пайызы еліміздегі 18 жасқа толмаған балаларға теңдей етіп бөлінеді. Әр балаға автоматты түрде ашылған арнайы жинақтау шотына жыл сайын үлес түсіп отырады. Бала кәмелет жасқа толған соң, өз шотындағы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады. Егер арнайы шотқа жиналған қаржы 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол автоматты түрде сол азаматтық зейнетақы қорына аударылады.