Түркістан
EN

Жылыту маусымына дайындық қалай?

90
20.09.2023

Түркістан облысындағы тұрғын үйлердің 97 пайызы жылыту маусымына дайын. Қалған 3 пайыз Сарыағаш ауданына тиесілі. Өйткені өңірдегі 24 көпқабатты үйдің жылу жүйелері жөндеуден өтіп жатыр екен. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Роза Сариева «Аmanat» партиясы саяси кеңес бюросы мәжілісінде айтты. Одан бөлек жауаптылар Кентау қаласындағы жылу орталығының да құрылысы аяқталуға жақын екенін жеткізді.