Ауыл шаруашылығы министрлігі тапсырмасы бойынша Түркістан облысының топырағына ғылыми зерттеу жүруде. Мақсаты – топырақтың құнарын арттырып, егістен мол өнім алу. Өкінішке қарай, аймақта жыл санап жердің құнарлылығы төмендеп барады. Мамандардың айтуынша өңір топырағындағы қарашірік 0,8 бен 1,5 пайыз аралығын құрайды.