Түркістандық 2800-ден аса жүргізуші көлік салығын әлі төлемей жүр. Борышкерлердің берешегінің жалпы соммасы 93 млн. теңгеден асып жығылады. Қазір қалалық салық басқармасы мен құқық қорғау қызметкерлері бірлесіп қызмет етуде. Дегенмен, біраз жылдан бері берешегін өтемей жүргендер жетерлік. Оларға бүгін арнайы рейд жүргізілді.