Түркістан
EN

Қазақстанның қай өңірлері ішімдікті көп ішеді – статистика

273
19.09.2023

Қазақстандықтардың арақ-шарапқа жұмсайтын шығыны 13% артқан. Бұл ретте елде сыра ішу азайып, арақ пен коньякқа сұраныс көбейіпті. Жалпы ащы суға ең көп ақша жұмсайтын өңір Шығыс Қазақстан облысы екен. Бұл аймақта бір адам үш айда арақ-шарапқа орташа есеппен 3 жарым мың теңгесі кетіпті. Спирттік ішімдік тұтынудың алдыңғы үштігінде Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары тұр. Аталған өңірлердің халқы сәуір-маусым айларында шамамен 3 мың теңгеге алкоголь өнімін сатып алған. Ал Түркістан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары ішімдікке ең аз ақша құртатын аймақтардың қатарында.