1 қазан-Халықаралық қарттар күні. Мереке қарсаңында «Фараб» кітапханасында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс аудандарынан ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелер арнайы шақыртылды. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, өңірге еңбегі сіңген ел ағаларын алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік басқосу концерттік бағдарламамен жалғасты.