Түркістан
EN

Turkistan телеарнасының бір күні – Сарыағаш ауданында

42
19.09.2023

"Turkistan " телеарнасында - жаңа маусым, жаңа жоба! Бүгіннен бастап редакциямыздың арнайы тобы Түркістан облысындағы аудан, қалаларды бір күн бойы аралайтын болады. Мақсат - телеарнаны ауыл халқына таныту, жергілікті жұртпен етене араласып, мәселесіне қанығу, тыныс-тіршілігімен танысу, ұсыныс-пікірін тыңдау. "Бір күн" деп айдар таққан жаңа бағдарлама алғашқы бір күнін Сарыағаш ауданының Құркелес ауылынан бастады. Дәл қазір онда біздің телеарна басшысы Жанахмет Ағыбаев бастаған "жұлдызды топ", яғни, "Еңбек адамы" бағдарламасының жүргізушісі Бақтыгерей Оразхан, "Made in Turkistan" бағдарламасының жүргізушісі Нұрдәулет Сыздық, "Берекелі бизнес" бағдарламасының жүргізушісі Ажар Жұмағұл, "Ауылдағы айырбас" және "Билік пен бұқара" бағдарламасының жүргізушілері Жандос Тастемір, Үміт Қуанған жұмыс істеп жүр. Ал бізбен қазір осынау "Бір  күн" бағдарламасының жүргізушісі Дамира Сайлау тікелей байланысқа шыққалы тұр.