«Ұлы дала жорығы» өз мәресіне жетті. 13 кезеңнің қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып кессе, Алматы қаласының командасы финишқа үшінші болып жетті. «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жалпы жүлде қоры – 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге бекітілген. Айта кету керек, жүлде қоры жеңімпаз команда мүшелеріне теңдей бөлінеді. Марапаттау рәсімі кешкі сағат 18:30-ға жоспарланған.