«Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық hub құрылуы тиіс». Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының аясындағы саммитте айтты. Жиынға қатысушы тараптар жаһандық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету үшін көпжақты институттардың жұмысын жетілдіруге қатысты шаралар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, төрткүл дүние көзін тіккен басты саяси аренада ел презиенті бірқатар мемлекет басшыларымен екі жақты кездесу өткізді. Ал Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды келесі жылы елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.