«Ұлы дала жорығының» он екінші кезеңінде жетісулық шабандоздар топ жарды. Ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып, ал Түркістан облысының командасы үшінші болып кесіп өтті. Осылайша нағыз жүзден жүйрік анықталатын аламан бәйгенің 1150 шақырымы артта қалды. Бұл кезеңде былтырғы жарыста жеңімпаз болған әрі 11 кезең бойы көш алда келген – маңғыстаулық «Көкмойнақ» жорықты тоқтатты. Сондай-ақ елорда шабандоздары мен Қарағанды облысының командасы аттарының болдыруына байланысты жарысты аяқтады. Айта кетейік, Сыр елінен өтіп, ер түріктің бесігі Түркістанға бет алатын 1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздары 19 қыркүйекте белгілі болады.