Түркістан
EN

Омар Жәлел Түркістан жастарымен кездесті

369
15.09.2023

Бүгін Түркістанда Абайтанушы Омар Жәлелдің қатысуымен кездесу өтті. Жастармен өткен жүздесуде адалдық, парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері сөз болды. Рухани басқосуда хакім Абайдың шығармашылығынан үзінділер мысалға келтірілді. Ғалым ел дамуын тежейтін қоғам дертіне төтеп берудің тиімді тетігі - саналы, парасатты жастарды тәрбиелеп шығару екендігін атап өтті. Кездесу соңында жиынға қатысушылар бірқатар сауалдарын жеткізіп, өз ұсыныс-пікірлерін ашық ортаға салды.