«Miss Turkistan-2023» ұлттық сұлулық байқауының кезекті жеңімпазы анықталды. Биыл байқаудың финалында 9 ару бақ сынады. Қаламыздың сұлулары сынға түскен бұл додада қыздардың сұлулығымен қатар ақыл-ойы да сарапқа салынды. Қатысушылар арасынан 20 жастағы Диана Ербосын "Miss Turkistan -2023" атағына ие болды. Көрермендер мен қазылар алқасының қошеметіне бөленген жеңімпазға – тәж бен бағалы сыйлықтар табысталды. Ол енді еліміздегі ең басты сұлулық байқауы «Miss Qazaqstan» жарысында бақ сынамақ. Ал, жеңімпаз "бас жүлдені алам деп күтпедім" - дейді.