Түркістан
EN

Түркістан туралы мюзикл жарыққа шығады

139
15.09.2023

Түркістанда елімізге танымал эстрада әншілерінің қатысуымен мюзикл түсірілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мәдениет және өнер қайраткерлерін қабылдауында айтылды. Кездесуге Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешов, продюсер Сержан Молдасанұлы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев қатысып, Түркістанда өнер, аймақтың мәдениет саласын дамыту бағытында пікір алмасты.